Ақмола облыстық сотында төрағалар мен судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурсқа қатысатын кандидаттар қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында және облыстық соттың жалпы отырысында аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін Жоғары Сот Кеңесі 2017 жылы 24 ақпанда жариялаған конкурсқа қатысатын кандидаттар қаралды.

Конкурсқа 22 кандидат қатысады. Аталған кандидаттар сот төрағасының лауазымына, басқа сотқа ауысуға немесе мамандандыруды ауыстыруға ниет білдірген қызмет атқаратын судьялар болып табылады. Талқылау нәтижелері бойынша Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңес және облыстық соттың жалпы отырысы барлық кандидаттарға оң қорытынды берді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі