Ақмола облысының соттарында жаңа тағайындаулар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған жаңа судьялар таныстырылды.

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі Жарлығымен Ақмола облысы бойынша Тимур Раисов Ақкөл аудандық сотының судьясы қызметіне, Асқар Шарапатов Атбасар аудандық сотының судьясы қызметіне, Еркебұлан Маштаев Бурабай аудандық сотының судьясы қызметіне, Сергей Олексюк Көкшетау қалалық сотының судьясы қызметіне, Марат Қуандықов Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметіне, Бақытжан Жарылғасов Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне және Нұрлан Нұралиев Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Осы Жарлықпен Степногорск қалалық сотының судьясы Роза  Сүлейменова өз тілегі бойынша атқаратын қызметінен босатылды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов тағайындалған судьяларды құттықтап, жас судьяларға судьяның жоғары жауапкершілігі жөнінде айтып, оларға судьялар әдебі кодексін қатаң сақтауды ескертті.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі