Акмола облысының жергілікті соттары 2017 жылдың І тоқсаны бойынша жұмыс қорытындысын шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Ақмола облысының аудандық және оларға теңестiрiлген соттары брифинг өткізді.

2017 жылдың  І тоқсанында Аршалы аудандық сотында 95 азаматтық,  131 әкімшілік, 12 қылмыстық істер және сот актілерін орындау тәртібімен 92 материал қаралды. Сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты 6 қылмыстық іс тоқтатылды. Тергеу судьямен 12 өтініш хат қаралды. 1 азаматтық іс татуласу келісімін жасаумен тоқтатылды, 4 іс медиация тәртібімен қаралды. Сотпен 113 іс бойынша келесі әкімшілік жазалау шаралары тағайындалды: 1 құқықбұзушыға ескерту, 39 құқықбұзушыға әкімшілік айыппұл, 47 құқықбұзушыны  әкімшілік қамаққа алу, 25 құқықбұзушы арнайы құқықтан айырылды, 1 азамат Қазақстан Республикасының шегінен шығарылып жіберілді.

2017 жылдың І тоқсанында Қорғалжын аудандық сотында 21 әкімшілік істер қаралып, келесі әкімшілік жазалау шаралары тағайындалды:  7 құқықбұзушыға әкімшілік айыппұл, 11 құқықбұзушыны әкімшілік қамаққа алу, 3 құқықбұзушы көлiк құралдарын басқару құқығынан айырылды.

2017 жылдың бірінші тоқсанында Бұланды аудандық сотымен 172  азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер қаралды. Тергеу судьямен 17 материал қаралды. 2 қылмыстық іс медиаторлардың қатысуымен қаралған. 80 азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралып, 2 ескерту, 27 айыппұл, 39 қамаққа алу, 12 арнайы құқықтан айыру жазалары тағайындалды. «Сот кабинеті» сервисі арқылы 162 электрондық талап арыз және 105 әкімшілік іс сотқа түскен.

2017 жылдың бірінші тоқсанында Зеренді аудандық сотында 170 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 4 азаматтық іс татауласу келісімін бекітуімен және 4 іс медиация тәртібімен қаралды. 20 қылмыстық іс қаралып, 1 іс медиация тәртібімен тоқтатылды. 125  азаматқа қатысты келесі әкімшілік жазалар тағайындалды: 61 азаматқа әкімшілік айыппұл, 44 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 15 азамат арнайы құқықтан айырылды, 5 азаматқа ескерту. «Сот кабинеті» сервисі арқылы 213 электронды талап арыздар  және 137  әкімшілік іс түсті.

Еңбекшілдер аудандық  сотында  «Еңбекшілдер жаршысы» және «Вести Енбекшильдерья» газеттерінің бас редакторларының қатысуымен брифинг  өтті. Сотпен 70 азаматтық іс қаралды , оның ішінде 13 іс медияция тәртібімен тоқтатылды. Пилоттық жоба бойынша 7 іс қаралды. 53 азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, 3 ескерту, 18 айыппұл, 20 әкімшілік қамау,  9 азаматқа арнайы құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі