Целиноград аудандық сотында ішкі істер бөлімі мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Целиноград аудандық сотында ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мен прокуратура өкілдерінің қатысуымен бірінші сатыдағы сотқа қылмыстық істерді жолдау мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Целиноград аудандық сотының судьясы Ж.Теміров өз сөзінде «дөңгелек үстелге» қатысушыларды айыптау актісін құрастырудың сапасына, қылмыстық теріс қылық туралы хаттамаларға, процеске қатысушыларды тергеу хаттамаларын толтырудың үрдісіне, айыпталушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, күдіктілердің іс-әрекетін дұрыс саралау дәрежесі, процестік мерзімді сақтау және іс материалдарын толық көлемде ресімдеуге көңіл аудартты.

Талқылау қорытындысы бойынша «дөңгелек үстелге» қатысушылар айыптау актілері мен хаттамаларды толтыру кезінде қателіктерге жол бермеу бойынша ұсыныстар әзірледі.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі