Егіндікөл аудандық сотында көлік құралын алкогольдік және есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 7 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында Қазақстан Республикасы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша 7 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды, олардың ішінде 4 жүргізуші алкогольдік масаң күйде  және 2 жүргізуші есірткілік масаң күйде болған.

Сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 азамат кінәлі деп танылып, әрқайсына 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі