Егіндікөл аудандық сотында ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында  «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Іс шараға  «Егіндікөл жастары»  Жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілер орталығының  өкілдері  және сот қызметкерлері қатысты.

Сот төрағасы Б.Жазит «дөңгелек үстел» қатысушыларына  соттарда құжат айналымының жүйесі жетілдіріліп, сот жұмысында жаңа ақпараттық технологиялар қолданылатынын айтты.

Сот қызметкерлері сот процесінің қатысушыларына СМС хаттарын жолдау, сот процестерінде аудио-бейне тіркеу жүйесін қолдану және «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы түсіндірді.

 «Дөңгелек үстелге» қатысушылар қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды пайдалану соттардың қызметіне қолжетімділікті және тиімділікті қамтамасыз етіп, бюджет қаражаты мен уақытты үнемдеу болып табылады деп атап өтті.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі