Еңбекшілдер аудандық сотында Пилоттық жобаны талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшілдер аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылау бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби  медиаторлар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Аудандық сот төрайымы Г.Анарбекова  «Медиация туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіріп, соттан тыс дауларды шешудің мүмкіндіктері туралы айтты. 2017 жылдың І тоқсанында медиацияны қолданумен 13 азаматтық іс, оның ішінде 7 іс Пилоттық жоба аясында қаралды.

«Еңбекшілдер ауданында 17 кәсіби емес медиаторлар қызмет етеді. Бұл  алыста орналасқан ауылдардағы жанжалды, мән-жайларды шешуде үлкен көмек көрсетеді» - деп айты аудандық сот төрайымы Г.Анарбекова 

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі