Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның әрекеттеріне 35 шағым қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 44-тарауына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Осы Кодекстің тарауы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға шағым жасауға мүмкіндік беріледі.

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың басынан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға жеке және заңды тұлғалардың 35 шағымы қаралды. Сотпен 4 шағым қанағаттырылды, яғни әкімшілік құқық бұзушылық туралы 4 хаттама сотпен жарамсыз деп танылды, 31 шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі