Қорғалжын аудандық сотында «дөнгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қорғалжын аудандық cотында құжаттарды мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты және уақытша сақтауға тапсыру, қалыптастыру тәртібін, іріктеу, есепке алу қағидаларын қолдану мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» сот қызметкерлері және Қорғалжын ауданы мемлекеттік мұрағатының мамандары қатысты.

Аудандық сотының төрайымы Х.Кембаева мұрағатқа тапсыруға  жататын  қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қалыптастыру тәртібін және қызметкерлерге істерді ресімдеу, қалыптастыру және мұрағатқа уақытша сақтауға  уақытылы тапсыруға жауапты екендіктерін түсіндірді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі