Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында азаматтық және банктік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында жаңа Заңды талқылау бойынша судьяларға арналған семинар-тренинг өтті.
Семинарда сот төрағасы М.Байгелов Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндама оқып, олардың маңыздылығын атап көрсетті. 
Судьялар Азаматтық процестік кодексіне енгізілген талап-арыз және құжаттардың көшірмесін ұсыну мерзімі, пікір ұсыну мерзімі, бірінші сот отырысын өткізу, дау айтылатын және жарамсыз мәміле түсінігі туралы өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі