Сандықтау аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сандықтау аудандық сотында  жиырма бір жасқа дейінгі жастарға алкоголь өнімін өткізгені үшін С. азаматшаға қатысты әкімшілік іс  қаралды.

Сотпен  азаматша С. Сандықтау ауданында дүкенші бола тұра жиырма бір жасқа толмаған азаматқа алкогольдік өнім сатқаны анықталды.

Сот қаулысымен азаматша С. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Қазақстан Республикасы кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) кінәлі деп танылып, оның алкогольдік өнімдерді сатуға және сақтауға лицензиясын бір ай мерзімге тоқтатып, оған жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі