Сандықтау аудандық сотында прокуратура және пробация қызметі өкілдерінің қатысуымен семинар сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сандықтау аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану мәселелері жөнінде семинар сабақ өтті.

Семинарға сот төрағасы, Сандықтау ауданының прокуратурасы мен пробация қызметінің өкілдері қатысты.

Сот төрағасы  А.Аймұхамедов 2017 жылдың 1 тоқсанында сотпен жазасын одан әрі өтеуден босатылған 9 сотталушыға қатысты материал қаралып, 4 сотталушының жазасының өтелмеген бөлiгi қысқартылды деп атап өтті. Сот төрағасы семинарға қатысушылардың Заң нормаларын қолдану бойынша сұрақтарына жауап берді.

Семинарға қатысушылар сот тәжірибесін талқылап, пікір алмасты.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі