Сот азаматтың арнайы қоныста болу фактін анықтап, оны саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұланды аудандық сотына азамат Д. арнайы қоныста болғаны туралы фактіні анықтап, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп тану туралы арызымен жүгінген.

Сотпен азамат Д. 1954 жылы әкесі арнайы қоныста болған уақытта туылғаны анықталды. Алайда мұрағатта бұндай деректер жоқ.

Оңалту анықтамаға, азамат Д-ның туу туралы куәлігіне және мұрағат анықтамасына сәйкес 1941 жылдың қыркүйегінде оның әкесі Саратов облысынан Ақмола облысының Сталин ауданына көшірілген және арнайы есебінде тұрған.

Сот шешімімен азамат Д-ның арызы қанағаттандырылып, оның арнайы қоныста болу фактісі анықталды және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі