Сот балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әйелге әкімшілік айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Еңбекшілдер  аудандық сотында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамаған азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азаматша Ж. кәмелетке толмаған екі баласының анасы бола тұра, оларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған. Әйел адам жие масаң күйде болып, балалардың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасамай, үйде снитариялық-гигиеналық нормаларын сақтамайды.

 Сот қаулысымен азаматша Ж. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен (Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сонымен қатар, сотпен, балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында шаралар қолдану үшін Еңбекшілдер АІІБ-нің қызметкерлері, қорғаншылық пен қамқоршылық органдары, орта мектебінің басшысы және Еңбекшілдер ауданы селолық округі әкімі атына жеке қаулылар шығарылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі