Сот есірткі заттарын заңсыз қолданғаны үшін айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының  Сандықтау аудандық сотында азамат Б-ға қатысты  есірткі заттарды мақсатынсыз сақтаған деген айыппен қылмыстық іс қаралды.

Сотпен, азамат Б. өзінің жеке басына қолдануға  «марихуана» есірткісін үйінде  сақтағаны жедел-іздестіру іс-шарасы кезіңде анықталды.

Сот қаулысымен азамат Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі заттарды мақсатынсыз сақтау) кінәлі деп танылып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Сонымен қатар, Сандықтау аудандық ІІБ-не, Сандықтау ауданының Әкіміне, прокурор және әділет кеңесшісіне қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептеріне назар аударып,оларды болдырмау үшін шаралар қолдану туралы сот жеке қаулылар шығарды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі