Сот көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына келіп, ішкі істер органдарына тіркеуіне тұрған, бірақ заңмен көрсетілген мерзімде кетуден бас тартқан. Осы әрекетімен, азамат Д. көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.

Сот қаулысымен азамат Д. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен («Шетелдіктің немесе азаматтағы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қоны карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі