Сот шешімімен жеке кәсіпкердің пайдасына берешек пен тұрақсыздық төлемі өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан берешек пен тұрақсыздық төлемін өндіріп алу туралы жеке кәсіпкердің талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер мен «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арасында қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.

Шартқа сәйкес, жеке кәсіпкер қызмет көрсеткен, ал мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметтің ішінара бағасын ғана төлеген. Осыған байланысты, кәсіпкер берешекті және тұрақсыздық төлемін өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінген.

Сот шешімімен «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан жеке кәсіпкердің пайдасына берешек пен тұрақсыздық төлемі өндіріліп алынды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі