Сот шешімін орындамағаны үшін сот әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотында сот шешімін орындамағаны үшін азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бұйрығымен азаматша А-дан кәмелетке толмаған ұлын асырауға алимент өндірілген және атқарушылық өндіріс қозғалған. Алайда, азаматша А. сот шешімін орындамаған.

Сот қаулысымен азаматша А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабында («Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау ») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі