Сот үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында «Неке және отбасы қатынастары аясындағы заңнаманы жетілдіру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға судьялар, сот мамандары, үкіметтік емес ұйымның өкілі Ақмола облысының Азаматтық альянсы «Біздің құқығымыз» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Владислав Шуль қатысты.

Судья А.Дүйсебаев азаматтық, әкімшілік заңнаманы, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының заңын және гендерлік тепе-тендікті қолдану кезінде туындайтын мәселелер туралы баяндама оқыды.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар пікір алмасып, заңнама нормаларын жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі