Архив событий

03/12/2016

Ақмола облыстық соты азаматтық заңнаманың кейбір нормаларын қолдану сұрақтарын талқылау бойынша облыс судьяларына арналған семинар өткізді

03/12/2016

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов азаматтық заңнаманың кейбір нормаларын қолдану сұрақтарын талқылау бойынша облыстың азаматтық істерді қарайтын судьялары үшін семинар өткізді.

Семинарда Ақмола облыстық сотының судьялары Роза Ертаева «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою туралы істерді қарау» және Светлана Рахметова «Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жіберу туралы істерді қарау» тақырыбында баяндамалар оқыды.