Архив событий

29/12/2016

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты 238 азаматқа қатысты әкімшілік істер қарады

29/12/2016

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 238 азаматқа қатысты әкімшілік істер қарады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар  жасаған азаматтарға келесі әкімшілік жазалар тағайындалды: 6 азаматқа ескерту, 91 азамат әкімшілік қамаққа алынды, 63 азаматқа әкімшілік айыппұл тағайындалды, 77 азамат көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, 1 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.   

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 49 азаматтық істі татуластыру рәсімдері тәртібімен қарады

29/12/2016

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексімен белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Сот ұйғарымымен айыппұлды өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітілді

29/12/2016

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «AZOT MINING SERVICES - KAZAKHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен айыппұлды өндіріп алу туралы «RG GOLD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің талап-арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот отырысында тараптарға бейбіт келісіммен істі аяқтауға немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту құқығы түсіндірілді.

Тараптар аталған істі қарайтын судьямен медиация рәсімін жүргізуді өтінді.

Балаларға арналған жаңа жылдық іс-шара

29/12/2016

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Ақмола облыстық филиалы судьялардың және Ақмола облысы соттар қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық іс-шара ұйымдастырды.

Жаңа жылдық қойылымда Ертегі кейіпкерлері және Аяз ата мен Ақшақар сөз сөйлеп, балаларға ғажайып көңіл күй және сыйлықтар сыйлады.

Балалар әр түрлі байқаулар мен ойындарға қатысты.

Мереке көңілді және қызықты өтті, жаңа жылдық ертегі қойылым балалардың көңілінен шықты.