Архив событий

20/12/2016

2016 жылдың 11 айында Ақмола облысы Қорғалжын аудандық соты 90 азаматқа әкімшілік жазалар тағайындады

20/12/2016

2016 жылдың 11 айында Қорғалжын аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 90 азаматқа қатысты әкімшілік істер қарап, келесі әкімшілік жазалар тағайындады: 32 азамат әкімшілік қамаққа алынды, 32 азаматқа әкімшілік айыппұл тағайындалды, 25 азамат көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды, 1 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.

 

Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

20/12/2016

Зеренді аудандық соты атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, жас азамат сыртқы жарық түсiру аспаптарын және дыбыс сигналдарын пайдаланып, көлiк құралдарын жүргiзiп үйренудi өткізу қағидаларын бұзып, оған әкімшілік жаза түрінде айыппұл тағайындалған. Бірақ, жас азамат берілген мерзімі ішінде атқарушылық құжат бойынша әкімшілік айыппұл төлемеген, атқарушылық құжатты орындаудан жалтарған.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен семинар өткізді

20/12/2016

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Соттарда жаңа ақпараттық технологиялар» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен семинар өткізді.

Семинарға «Зият коры» ҚБ-і төрағасы Б.Ыбраев, «Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер «Шанс» Көкшетау қоғамының» өкілі К.Шиманская, «Адам құқығын қорғау» ҚҚ-ң төрайымы Л.Рубежанская қатысты.

Семинар жұмысын аша отыра, судья Ғ.Қайшыбеков, соттарда құжат айналымының жүйесі жетілдіруде деп атап өтті.

Сот ерлі-зайыптылардың татуласуы туралы медиативтік келісімді бекітті

20/12/2016

Ақмола облысы Жақсы  аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары бар, бірақ бірлесіп өмір сүруді және отбасын сақтауды мүмкін емес деп есептейді.