Архив событий

06/12/2016

Сот жарылғыш затты заңсыз өткiзгені үшін шахтаның бұрыңғы жұмысшыны кінәлі деп таныды

06/12/2016

Ақмола облысы Шортанды  аудандық соты жарылғыш затты заңсыз өткiзгені үшін айыпталған азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. «Қазақалтын» АҚ-ның шахтасында қопарушы болып жұмыс істеп, 5 патронды «Аммонит» жарылғыш затты заңсыз «алтын іздеушіге» өткізді.

Сот тараптарды татуластырып, медиативтік келісімді бекітті

06/12/2016

Ақмола облысының Астрахан аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін азамат З-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат З. бірге тұратын әйелімен жанжалдасу барысында оған былапыт сөйлеп, құрметтемеушілік көрсетіп, тұрғын-үйде тыныштықты бұзған.

Сотта тараптар татуласып, кәсіби медиатордың қатысуымен медиативтік келісім жасады.

Азаматтық іс кәсіби медиатордың қатысуымен қаралды

06/12/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азамат С-ның азаматша Ш-ға борышты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Ш. өз уақытында азамат С-дан жалға алған пәтердің ақысын төлемеген, сонымен қатар, жалдау ақысы және 5 айдың ішінде жиналған комуналдық қызметтерінің төлемі бойынша берешек пайда болды. Талапкердің ауызша айтылған талаптарына қарамастан, жауапкер берешекті өтеу туралы міндеттерін орындамаған.      

Сот көлік құралын басқару құқығынан айырумен бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады

06/12/2016

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты Жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адамға ауыр дене жарақатттарын келтіргені үшін айыпталған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. тіркемесі бар камазды басқара отырып, жол бөлігінде рұқсат етілмеген бұрылыс жасаған. Осылайша, камаз жүргізушісі маневр жасап, автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығу нәтижесінде автокөлік жүргізушісі дене жарақаттарын алған.

Бурабай аудандық соты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасы мен айғақтарды жинақтау» тақырыбында семинар өткізді

06/12/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру сапасы мен айғақтарды  жинақтау» тақырыбында  Бурабай ауданының прокуратура,  ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізді.