Архив событий

12/12/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты салықтар бойынша берешекті өндіру туралы 85 сот бұйрығын шығарды

12/12/2016

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексінің 5-бабына сәйкес  салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

Ақмола облыстық соты жергілікті соттары судьяларымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді

12/12/2016

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Ж.Бердығулова бейнебайланыс арқылы аудандық және оларға теңестірілген соттарының судьялары үшін кеңес өткізді.       

Бейнекеңесте Ж.Бердығулова ағымдағы кезеңдегі соттармен қылмыстық істер бойынша сот төрелігін атқару сапасы сұрақтарын талқылады.

Сот алқасының төрайымы қылмыстық істерді қарау бойынша 2015 жылы мен 2016 жылдың 11 айындағы жұмыс көрсеткіштерін келтіріп, талдау жасады.

Бурабай аудандық соты айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

12/12/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты «Айыппұлдарды тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тықырыбында дөңгелек үстел өткізді.  Іс-шараға аудандық соттың судьялары мен мамандары, прокуратура өкілдері мен жеке және мемлекеттік сот орындаушылар қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар 2015-2016 жылдар аралығында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдердің орындалуы бойынша сұрақтарын талқылады.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкіметтік емес ұйымы өкілінің қатысуымен кездесу өткізді

12/12/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Дүйсебаев  гендерлік саясат сұрақтарын  талқылау бойынша сотталған адамдардың құқықтарын қорғау жөнінде «Прометей» ҚҚ-ң үкіметтік емес ұйымы өкілінің қатысуымен кездесу өткізді.