Архив событий

13/12/2016

Ақмола облысының соттары «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 Игі істер» ұранымен қайырымдылық шараларын өткізді

13/12/2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақмола облысының соттары «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 Игі істер» ұранымен қайырымдылық шараларын өткізді.

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары балалар үйін, көп балалы және аз қамтылған жан-ұяларды, қиын жағдайдағы жан-ұялардың балаларын, емделуге мұқтаж балаларды, жан-ұялардағы тәрбиеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі балаларды, көмекке мұқтаж аз қамтылған зейнеткерлер мен қарт адамдарды келе жатқан мейраммен құттықтады.

Еңбекшілдер аудандық соты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің берешекті өндіріп алу туралы талап арызын қарады

13/12/2016

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азамат К-дан оның оқуына жұмсалған берешекті өндіріп алу туралы талап арызын  қарады.

Сандықтау аудандық соты сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін 53 азаматқа әкімшілік жазалар тағайындады

13/12/2016

2016 жылы Сандықтау аудандық соты сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін  53 құқық бұзышыларға қатысты әкімшілік істер қарады.

Сот қаулыларымен 53 Сандықтау ауданының тұрғындары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабымен құқық бұзушылық жасағандары үшін  кінәлі деп танылып, оларға келесі әкімшілік жазалар тағайындалды: 45 азаматтың әрқайсысына бір тәуліктен үш тәулікке дейін әкімшілік камаққа алу, 8 азаматқа  әкімшілік айыппұл тағайындалды.     

Ақмола облысының қылмыстық істер жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық соты дөңгелек үстел өткізді

13/12/2016

 

Ақмола облысының қылмыстық істер жөнінідегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Баймырзин қылмыстық процесте азаматтық талап арызды қарау сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Ақмола облысы, Көкшетау қаласы прокуратура өкілдері және облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Сот партисипативтік келісімді бекітті

13/12/2016

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азаматша Б-ның қызы колледждегі оқуы аяқталғанша дейін қосымша шығынды әкесінен өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, азаматша Т-мен бұрынғы жұбайы келесі шарттар бойынша партисипативтік келісім ұсынды: жауапкер талапкерге ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш түрінде қызының колледждегі оқуының аяқталуына дейін қосымша шығынды төлеуге міндеттенді.  Адвокат, талапкер және жауапкер партисипативтік келісімнің шарттарымен келісті.

Сот медиацияны қолданумен қылмыстық іс қарады

13/12/2016

Аршалы  аудандық соты ұрлық жасағаны үшін азамат Ж-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ж. азамат Б-ның үйінде бола тұра,  аккумулятор батареясын ұрлап, жәбірленушіге 9700 теңге сомасында материалдық шығын келтірген.

Сотта, жәбірленуші мен сотталушыдан медиация тәртібі арқылы татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.