Архив событий

08/12/2016

Сот медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді бекітті

08/12/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты «Тазалық-Сервис» ШЖҚ КМК-ның азаматша Ж-дан кондоминиум объектілеріне күрделі жөндеу жүргізгені үшін берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот ерлі-зайыптылардың арасында медиативтік келісімді бекітті

08/12/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азаматша Ф-нің өзінің жұбайына некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, ерлі-зайыптылардың ойлары бойынша, олардың бірлесіп өмір сүруі қалыптаспаған, арасындағы ерлі-зайыптылық қатынастар тоқтатылды, кәмелетке толмаған баласы бар, одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін емес деп есептеді.

Сот "Қазақтелеком" АҚ-ы және азамат арасында медиативтік келісім бекітті

08/12/2016

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық соты «Қазақтелеком» АҚ-ның азамат  А-дан телекоммуникация қызметі үшін берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сотта, талапкер мен жауапкерден келесі шарттар негізінде дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылды: жауапкер «Қазақтелеком» АҚ-на қарызды толық өтеуге дейін ай сайын 20-шы күні 3000 теңгеден төлеуге міндеттенді, ал талапкер аталған шартпен келісті.

Сот ер адамды билік өкіліне бағынбағаны және күш қолданғаны үшін кінәлі деп таныды

08/12/2016

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты билік өкіліне бағынбағаны және билік өкіліне күш қолданғаны үшін айыпталған азамат Л-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Л. алкогольдік масаң күйде бола тұра, инспектор полициясына былапыт сөз сөйлеген. Құқыққа қарсы  іс-әрекетін қарау үшін полиция инспекторы әкімдікке өту жөніндегі талабына азамат Л. бағынбай полиция инспекторының погонын жұлып, оған соққы жасаған.

Сот 208 азаматқа сот шешiмiн және атқарушылық құжатттарды орындамағаны үшін жаза тағайындады

08/12/2016

2016 жылдың 11 айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты сот шешiмiн және атқарушылық құжатты орындаудан бас тартқан 208 азаматқа қатысты  әкімшілік істер қарады.

Сот отырысында 208 құқық бұзушылар өз кінәсін толық мойындап, сот шешiмдерін немесе өзге де сот актiлерін және атқарушылық құжаттарды әр түрлі себептермен орындамағандарын растады.