Архив событий

05/12/2016

Ақмола облыстық соты ҚР судьяларының VII съезінің жұмыс қорытындысын талқылау бойынша кеңес өткізді

05/12/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов ҚР судьяларының VII съезінің  жұмыс қорытындысы бойынша облыс судьяларымен кеңес өткізді. Кеңеске облыс судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, жас судьялар, тәлімгер-кандидаттар мен сот қызметкерлері қатысты.

Кеңесте облыстық сот төрағасы Елбасының республика судьяларының VII съезінде берілген тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты белсендету және судьялардың жаңа Әдеп кодексінің қабылдануы туралы баяндама оқыды.

Ақмола облыстық соты тәлімгерлер Кеңесінің отырысын өткізді

05/12/2016

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов облыстың жас судьяларының қатысуымен тәлімгерлер Кеңесін өткізді.       

Кеңеске 20 жас судья қатысты, олардың тәлімгерлері жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары болып табылады. Ал жас судьялармен менторлық жұмысты облыстық соттың судьялары өткізеді.