Архив событий

27/12/2016

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау сұрақтарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

27/12/2016

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау сұрақтарын талқылау бойынша Көкшетау қаласының прокуратура, Ақмола облысы Әділет департаментінің мемлекеттік орындаушылары және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуде әділет органдарымен аймақтық жеке сот орындаушылар палаталарына электронды құжаттарды жолдау және тіркеу барысында туындайтын бірқатар сұрақтар  талқыланды.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сот кәмелетке толмаған баланың анасына әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

27/12/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі мiндеттердi орындамағаны үшін азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, әйел адам еш жерде жұмыс істемей, баласын тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны, яғни кәмелетке толмаған баласына өз үйінде тұрмыстық жағдай жасамағаны анықталды.

Сот құқық бұзушыларды жәбірленушімен татуласуы және оған келтірілген материалдық залалды толық көлемінде орнын толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатты

27/12/2016

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты ұрлық жасағаны үшін айыптау бойынша Степногорск қаласының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, екі ер азамат алдын ала сөз байласу арқылы дәмхана терезесінің әйнегін сындырып, ішіне заңсыз кірген. Қаскүнемдер ақшалай қаражатты, алкогольдік ішімдіктерді, бейнебақылау камераны, ұялы телефонды және басқа заттарды ұрлап, дәмхананың иесіне 230 144 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірді.