Архив событий

22/12/2016

Сот берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісімді бекітті

22/12/2016

Ақмола облысы мамандандырылған  ауданаралық экономикалық соты «Жарқайың» несие серіктестігі» АҚ-ның «Деметра» шаруа қожалығынан берешекті өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.  

Сотта, тараптар дауды реттеу туралы келесі шарттар негізінде медиативтік келісімге келген: жауапкер қарызды өтеуге міндеттенді, ал талапкер қарсылық білдірген жоқ.

Ақмола облысы Ерейментау аудандық соты татуластыру рәсімдері тәртібімен дауларды сотқа дейінгі реттеу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді

22/12/2016

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотының төрағасы М.Ақышев татуластыру рәсімдері тәртібімен дауларды сотқа дейінгі реттеу сұрақтары бойынша дөңгелек үстел өткізді.  

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратура, адвокаттар, кәсіби медиатор және БАҚ өкілдері шақырылды.

Аудандық сотының төрағасы сотқа дейінгі медиация және партисипативтік келісімді жасаудың сұрақтарын талқылап, татуластыру рәсімдерін қолданудың көрсеткіштерін атап, татуласу рәсімдерін белсенді қолдануға адвокаттарды шақырды.