Архив событий

07/12/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы халықаралық конференцияға қатысты

07/12/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНИСЕФ-тің 70-жылдығына арналған «Қазақстан, балаға жылы шырайлы» атты  халықаралық конференциясына қатысты.

2016 жылдың 11 айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 3333 азаматқа әкімшілік жаза тағайындады

07/12/2016

2016 жылдың 11 айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 3333 азаматқа қатысты әкімшілік іс қарады және оларға келесі әкімшілік жазалар тағайындады: 67 азаматқа ескерту, 1648 азаматқа әкімшілік айыппұл, 468 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 1110 азаматтар арнайы құқығынан айырылды, 40 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.    

14 кәмелетке толмағандарға қатысты тәрбиелiк ықпал ету шаралары тағайындалды.

2016 жылдың 11 айында Ақмола облысы Есіл аудандық соты сот актілерін орындамағаны үшін 48 құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қарады

07/12/2016

Ақмола облысы Есіл аудандық соты  2016 жылдың 11 айында сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін 48 азаматтарға қатысты әкімшілік іс қарады.