Архив событий

30/12/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кезекті ақпараттық «Сот жаршысын» шығарды

30/12/2016

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша кезекті ақпараттық «Сот жаршысын» шығарды.

Ақпараттық жаршыда сотпен өткізілген дөңгелек үстелдер, семинар сабақтар, бұқаралық ақпарат құралдарымен ықпалдаса отырып атқарған соттың жұмысы жарияланған.

Қылмыстық іс кәсіби емес медиатордың қатысуымен қаралды

30/12/2016

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық соты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiргені үшін айыптау бойынша азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат әйел адамды ұрып, оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян түрінде дене жарақаттарын келтiрген.