Архив событий

06/06/2017

Сот ер азаматқа аң аулайтын қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл тағайындады

06/06/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында аң аулайтын қаруды ішкі істер органдарының рұқсатынсыз заңсыз сақтағаны үшін азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен ер азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен («Қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдау») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қаруды тәркілеумен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұлды өнідіріп алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот көлік жүргізушіге көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады

06/06/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында алкогольдік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, полиция қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.