Архив событий

05/06/2017

Ақмола облыстық сотында болашақ судьялар үшін арнайы дайындық курс сабағы үйымдастырылды

05/06/2017

Ақмола облыстық сотының оқу орталығы сот жүйесінде қызмет атқаратын мамандар үшін сот білімі туралы және судья лауазымына біліктілік емтихандарын тапсыру бойынша арнайы дайындық курс өткізді.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов болашақ судьяларға оқыған баяндамасында сот корпусын даярлау жүйесінің жетілдірілгенін айтып, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптарды түсіндірді.

Судья лауазымына кандидат туралы пікір білдіріңіз!

05/06/2017

Сот жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету және судья лауазымына кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында, судьялыққа тағлымдамадан өту үшін бос орындарға жариялаған Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Қазбек Дәулетұлы Сағадиевтың кандидатурасын тұрғындар назарына ұсынады.

Осы азамат жөніндегі пікірлеріңіз, қосымша ақпараттарыңыз бен мәліметтеріңіз болса, 2017 жылдың 16 маусымына дейін облыстық сотқа жолдауларыңызға болады.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін құттықтады

05/06/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялар ұжымы және мамандары

Балаларды қорғау күні кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына келіп, тәрбиеленуші балаларды құттықтады.

Сот төрайымы Айсұлу Жұматова бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін құттықтап, оларға денсаулық, оқуда жетістіктер тілеп, сыйлықтар сыйлады.