Архив событий

12/06/2017

Астрахан аудандық сотында Пилоттық жобаны талқылады

12/06/2017

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылау бойынша үкіметтік емес ұйымдары өкілдері, атап айтқанда: «Шағын және орта бизнес Ассоциациясы», «НұрОтан» ХДП-ның аудандық филиалы, адвокаттар, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар медиаторлардың қатысуымен істерді қарау мәселелерін талқылады.