Архив событий

18/06/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру және істерді әзірлеу сапасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

18/06/2017

Еңбекшілдер аудандық  сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды және істерді әзірлеу»  тақырыбында аудан прокурорының орынбасары, аудандық ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел  өтті.

Сандықтау аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарға қатысты 79 әкімшілік іс қаралды

18/06/2017

2017 жылдың басынан Сандықтау аудандық сотында  ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарға қатысты 79 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде ортақ пайдалану орындарын ластау, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай әрекеттер.

2017 жылдың 5 айында Жақсы аудандық сотында 100 әкімшілік іс қаралды

18/06/2017

2017 жылдың 5 айында Ақмола облысының Жақсы аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған 100 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот қаулыларымен 100 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ескерту түрінде 4 азаматтқа, айыппұл түрінде 32 азаматқа, қамаққа алу түрінде 42 азаматқа, арнайы құқығынан айыру түрінде 22 азаматқа жаза тағайындалды.

Сандықтау аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттарын жолдау мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

18/06/2017

Сандықтау аудандық сотында  «Сот кабинеті. Сот құжаттарын «Сот кабинеті» арқылы жолдау» тақырыбында Сандықтау ауданы  ХҚКО инспекторының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» сот төрағасы Азамат Аймұхамедов жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері үшін «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Есіл аудандық сотында партисипативтік рәсімін қолдану мәселелері талқыланды

18/06/2017

Есіл аудандық сотында азаматтық істер бойынша партисипативтік рәсімін қолдану мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» судьялар, адвокаттар мен заң қызметін көрсететін өкілдер қатысты.

Сот төрағасы Қазбек Әбішев партисипативтік рәсімін қолданудың қажеттілігі мен келешегін атап өтіп, партисипативтік рәсімін белсенді іске асыруға шақырды. Қатысушылар бұл институтты дамыту бойынша өз ой-пікірлерін білдірді.

Ақкөл аудандық сотында көші-қон полиция қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

18/06/2017

Ақмола облысының Ақкөл аудандық сотында Ақкөл ауданының ішкі істер бөлімінің көші-қон полиция қызметкерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Судьялар мен көші-қон полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру сапасы, әкімшілік істерді сотқа жолдау тәртібі және процессуалдық мерзімдерді сақтау мәселелерін талқылады. Талқылау нәтижесі бойынша ұсыныстар әзірленді.

 

Ерейментау аудандық соты меншік құқығын таныды

18/06/2017

Сотқа азаматша Ш. иелену мерзімі бойынша меншік құқығын тану туралы талап арызбен жүгінді.

Азаматша Ш. Ерейментау қаласындағы пәтермен 2002 жылдан бері үздіксіз, адал және ашық түрде иеленіп жүр. Аталған пәтерге иелену уақытында ешкім талап ұсынған жоқ.

Сот анықтағандай, азамат О. 1993 жылғы жекешелендіру келісім шарты бойынша пәтер иесі болып келген. Қайтыс болу туралы актісі бойынша ол 2006 жылы қайтқан, ал азаматша Ш. пәтердің иесі болып, коммуналдық қызметтерінің төлем ақын төлеп жүр.

Аршалы аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 13 Өзбекстан Республикасының азаматтарына жаза тағайындады

18/06/2017

2017 жылдың 5 айы ішінде Аршалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының 13 азаматына  қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сандықтау аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін көлік жүргізушілеріне қатысты 37 әкімшілік іс қаралды

18/06/2017

Сандықтау аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін көлік жүргізушілеріне қатысты 37 әкімшілік іс қаралды.

Азаматтық істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану

18/06/2017

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не АПК белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Қорғау нұсқамасын бұзу

18/06/2017

Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларының бірі - қорғау нұсқамасы болып табылады.