Архив событий

30/06/2017

Сандықтау аудандық сотымен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға қатысты 241 әкімшілік іс қаралды

30/06/2017

2017 жылдың 6 айында Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотымен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған азаматтарға қатысты 241 әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулыларымен құқық бұзушылар келесі әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды: 10 азаматқа ескерту түрінде, 45 азаматқа әкімшілік айыппұл, 143 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан 41 азамат айырылды, 1 азамат Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберілді және кәмелетке толмаған 1 азаматқа қатысты тәрбиелiк ықпал ету шарасы қолданылды.

Жақсы аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның, автокөлік құралын басқарған жүргізушілерге қатысты 9 қылмыстық іс қаралды

30/06/2017

2017 жылдың басынан Жақсы аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның, автокөлік құралын басқарған азаматтарға қатысты 9 қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен Жақсы ауданының 9 тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы») қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 3 азаматқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы, 6 азаматқа айыппұл  түрінде жаза тағайындалды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті

30/06/2017

Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне сенімділігін арттыру, құқықтық мәдениетін жетілдіру және сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күні» қатысушылары өздерінің барлық сұрақтарына толық жауап алып, сот төрайымына мазмұнды әрі пайдалы кездесу ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Сот Қазақстан Республикасының көші-қон заннамасын бұзғаны үшін Тәжікстан Республикасының азматтарына әкімшілік қамақа алу жазасы тағайындалды

30/06/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған үшін Тәжікстан Республикасының  азаматтарына қатысты екі әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, Тәжікстан Республикасының екі азаматы Қазақстан Республикасы аумағына келіп, ішкі істер органдарының тіркеуінен өтпей шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келу және онда болу қағидаларын бұзған.

Қылмыстық іс медиацияны қолданумен қаралды

30/06/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық сотында «Ижевск» ӨК-не тиесілі электр сымдарын ұрлағаны үшін айыптау бойынша Астана қаласының екі тұрғындарына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында жәбірленушіден сотталушылармен татуласуына байланысты медиация тәртібімен қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.  

Сот азаматтық істі медиация тәртібімен қарады

30/06/2017

Қорғалжын аудандық сотында зайыбының күтіміне алимент өндіріп алу туралы азаматтық іс медиация келісімін бекітумен қаралды.

Сот ұйғарымымен ерлі-зайыптылар арасында келесі шарттар бойынша медиация келісімі бекітілді: талапкер жауапкермен татуласып, ал жауапкер әйелінің күтіміне алиментті төлеуге міндеттенеді.

Іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Сот жол-көлік құқық бұзушылығын жасағаны үшін жүргізушіге айыппұл тағайындады

30/06/2017

Ақмола облысының Есіл аудандық сотында жол-көлік құқық бұзушылығын жасағаны үшін азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Д. тіркемесі бар автокөлік құралын басқарып, темір жол арқылы өту кезінде, пойызбен соқтығысқан және оған материалдық залал келтірген.