Ақмола облыстық сотында жас судьялар үшін сот отырысының көрсетілімі ұйымдастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының оқу орталығымен жас судьялар үшін үлгілі сот отырысының көрсетілімі өтті.

Сот отырысының көрсетілімінде облыстық сот алқаларының төрағалары, жас судьялар, тәлімгерлер, менторлар, отставкадағы судьялар, сот қызметкерлері мен тағылымдамадан өтуші кандидаттар қатысты.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов сот отырысының көрсетілімі басталар алдында сөз сөйлеп, іс-шараны өткізу мақсаты - қылмыстық іс бойынша келісімдік іс жүргізумен және сот медиациясын қолданумен азаматтық іс бойынша сот процесін дұрыс жүргізудің үлгісін көрсете білу, - деп атап өтті. Сот отырысы көрсетіліміндегі іске қатысушы тұлғалардың рөлдерін жас судьялар өздері орындады.

Сот отырыстарының көрсетілімі аяқталған соң қатысушы судьялар, тәлімгерлер және отставкадағы судьялар сот отырысын жүргізу барысы мен ұйымдастыру деңгейін талқылап, өз ойлары мен пікірлерін айтты.

Үлгілі сот отырыстарының көрсетілімдері жас судьялары үшін сот отырысын ұйымдастыру мен жүргізу дағдыларын қалыптастыру мақсатында пайдасы зор.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі