Ақмола облысының соттары татуластыру рәсімдерін қарқынды қолдануда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарауда медиация институты мен  бітімгершілік келісім жасау белсенді қолданылып келеді.

Мысалы, Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен («Ұрлық») қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды.

Жарқайың аудандық сотында екі азаматқа қатысты топпен ұрлық жасағандары үшін қылмыстық іс қаралып, медиация тәртібімен тоқтатылды.

Шортанды аудандық сотында ұрлық жасағаны үшін азамат А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта, жәбірленуші мен айыпталушыдан медиация тәртібі арқылы татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату және келтірілген залал толықтай өтегені туралы өтінішхат түсті.

Сандықтау аудандық сотында  жеке айыптау бойынша екі азаматқа қатысты қорлау туралы қылмыстық іс қаралды. Сотта, медиация тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты және айыптаудан бас тарту туралы жазбаша талап арыз түсті. Сот қаулысымен іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Аталған сотта азамат С-ға қатысты  73-бабының 1-бөлігі («Былапыт сөйлеу») бойынша әкімшілік іс қаралды. Сотқа, жәбірленуші мен құқықбұзушы татуласқаны жөнінде жазбаша талап арыздарымен жүгінді.

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтері бойынша қарызын өтемеген үшін азаматтық іс қаралды. Сотта, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша өтінішхатпен жүгінді және іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Жақсы аудандық сотында некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісім бекітілді. Сотта, ерлі-зайыптылар арасында медиативтік келісім жасалды, жұбайы ерлі-зайыптылар өмірін жалғастыруға және зайыбына құрмет көрсетуге міндеттенді.

Астрахан аудандық сотында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның талап арызы бойынша қарызды өндіріп алу туралы азаматтық іс қаралды. Сотта, тараптар медиативтік келісім жасады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі