Бұланды аудандық сотының төрағасы әкімдік қызметкерлеріне азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдері туралы дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұланды аудандық сотының төрағасы Ринат Шақуанов әкімдікте  «Азаматтық сот ісін жүргізуде татуластыру рәсімдері» тақырыбында  дәріс оқыды.

Өз баяндамасында сот төрағасы мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевтың сот тәртібінде қаралатын даулар санын азайтудың,  дауларды шешудің баламалы әдістерін енгізудің маңыздылығы туралы айтқанын атап өтті.

Сондай-ақ, сот төрағасы республика соттарында 2017 жылғы ақпан – шілде айлары аралығында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның өткізілетіні туралы айтты.

Дәрістің соңында Р. Шақуанов әкімдік қызметкерлерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі