Есіл аудандық сотында ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Есіл аудандық сотында «Соттарда жана ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинарға  «Есіл жастары» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және сот қызметкерлері қатысты.

Судья А. Жұмабекова өз сөзінде, соттарда құжат айналымының жүйесі жетілдіріліп, сот жұмысында жаңа ақпараттық технологиялар қолданылады деп атап өтті.

Сот кеңсе мамандары «Гибридті пошта» арқылы хабарламаларды жолдау, сот процесінің қатысушыларына СМС хаттарын жолдау, сот процестерінде аудио-бейне тіркеу жүйесін қолдану және «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі туралы түсіндірді.

Семинарда қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды пайдалану соттардың қызметіне қолжетімділікті, ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етіп, бюджет қаражаты мен уақытты үнемдеу болып табылады деп қатысушылар атап өтті.

Семинарда ақпараттық технологияларды кең қолдану туралы пікір алмасу болды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі