Есіл аудандық сотында ҮЕҰ-ы өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Есіл аудандық сотында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен Жоғарғы Сот және жергілікті соттардың сот актілерінің жаңа банкімен танысу семинары өтті.

Семинарда судья Ақмарал Жұмабекова жаңа сот актілерінің банкі және «Сот кабинеті» сервисі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге бағытталған бірыңғай терезе рөлін атқаратынын атап өтті.

Ақпараттық технологияларды енгізу сот органдары қызметінің ашықтығын, сот жүйесі мен сотқа қатысушы адамдардың уақыты мен материалдық шығынын үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Семинарға қатысушылар жаңа сервисті қолдану  бойынша сұрақтарды талқылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі