«Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы» РҚБ-нің Ақмола филиалы мини-футбол бойынша турнир өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлы Отан соғысыдағы Жеңіс күнінің 72-жылдығы мерекесі қарсаңында және Отан қорғаушылар күніне орай «Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы» РҚБ-нің Ақмола филиалы мини-футбол бойынша турнир өткізді. Турнирге судьялар және Соттар Әкімшісінің  қызметкерлері қатысты.

Ақмола облыстық соттының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов турнирге   қатысушыларды келе жатқан мерекелермен құттықтап, жеңіске жетуге тілектестік білдірді.

Жүлделі орындар алған командалар турнирдің соңында «Құрмет грамоталарымен» марапаталды. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі