Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ш.Уалиханов атындағы университетінің оқытушылар мен студенттері үшін «Ашық есік күні» өтті.

Іс шарада сот төрайымы Айсұлу Жұматова «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру аясында сот жүйесін реформалау тақырыбында баяндама жасады.

«Ашық есік күні»  шарасына қатысушыларға аудио-бейнежазбаны қолданумен    кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы туралы  әкімшілік іс бойынша сот процесі  көрсетілді.

Кездесу судья Әділ Дүйсебаевтің  кәмелетке толмағандар арасындағы  қылмыстық құқық бұзушылық туралы баяндамасымен аяқталды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі