Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар және сот қызметкерлері ішін семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың қатысуымен және кәмелетке толмағандарға қатысты қаралған қылмыстық істердің  ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда судья Арлан Қосжанов сөз сөйлеп, 2016 жылы 59 қылмыстық іс қаралғанын және соның ішінде 13 іс бойынша кәмелетке толмағандардың жәбірленушілер болып табылатынын атап өтті. «20%-дан жоғары аса ауыр қылмыстар кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы жасалуда. Бұл жағдай осыған ұқсас қылмыстардың өсуін, растайтынын және оған алдын алу профилактикалық шара қолдану керек» - деді судья.

Семинарда бас маман Юриян Салықова «Сот істерін және құжаттарды беру тәртібі» тақырыбына баяндама оқыды. «Сот істермен танысу осы мақсатта арнайы жабдықталған бөлмеде іс материалдарын алып қою, бүлдіру немесе жою мүмкнідігін болдырмайтын жағдайлармен осыған уәкілеттік берілген сот қызметкерінің қатысуымен жүргізілуге тиіс» - деді маман.

Семинар барысында баяндама оқығандар тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі