Сот берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс бойынша татуласу келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Ақкөл аудындық сотында азамат С-дан «Астана -Щучинск» ақылы автокөлік жолымен жүргені үшін берешекті өндіріп алу туралы «ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ-ның талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат С. «ҚазАвтоЖол ҰҚ» АҚ-на берешекті төлемеген, оған 2013 жылдың 15 тамыздан 2016 жылдың 7 қыркүйегі аралығында ақылы жолмен жүргені жөнінде бақылау аркаларында нақтыланған хабарлама жолданған.

Сотта, тараптар дауды татуласу әдісімен шешу туралы өтінішхат жолдап, татуласу келісімін ұсынды.

Сот ұйғарымымен азамат С. талапкерге 2017 жылдың 10 қазанына дейінгі мерзімде берешекті өтеуге міндеттенетіні туралы татуласу келісімін бекітумен азаматтық іс бойынша өндіріс тоқтатылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі