Сот қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шортанды аудандық сотының төрағасы Қанат Бейсекеев сот мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін талқылау бойынша семинар өткізді.

Семинарда сот төрағасы Әдеп кодексі мемлекеттік органдарға қоғамның  сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметте өзара қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз тәртібі жағдайларының  алдын алуға бағытталған.

Сот қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде және жұмыстан тыс уақыттағы тәртібі жөніндегі кодекстің қағидаларын талқылады.

Семинар сонында сот төрағасы мамандарға Кодекстің талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі