Сот шешімімен сотталғандардан материалдық зиян өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарқайың аудандық сотында қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы азаматша Т-ның талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағандай, сот үкімімен үш сотталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Жасаған қылмыстың нәтижесінде азаматша Т-ның ұлы қайтыс болды. Сот үкімімен азамтша Т-ға азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде материалдық зиянды өндіру туралы азаматтық талап-арызды беру құқығы танылды.

Сотта азаматша Т. сотталғандардан жерлеуді ұйымдастыру, жаназа асы, зират басына ескерткіш орнату мен өкілдік шығындарымен байланысты келтірілген материалдық зиянды ортақ тәртіпте өндіріп алуды сұрады.

Сот шешімімен азаматша Т-ның қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірген материалдық зиянды өндіру туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірген материалдық зиян үшін, үш сотталған тұлғадан азаматша Т-ның пайдасына 911000 теңге көлемінде материалдық зиян өндірілді.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі