Судьялар мен ҮЕҰ өкілдері «дөңгелек үстел» басында «Сот кабинетін» қолдану мәселелерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақкөл аудандық сотында «Сот кабинеті – сот органдардың қызметі мен онлайн сервистерге байланысудың бірыңғай терезесі» тақырыбында «Ақкөл ауданының Қазақ-күрес федерациясы» қоғамдық бірлестігі, «Ақкөл- жастар», «Еврей мәдени- ақпараттық агенттігі «Шалом Ақкөл» қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Олжас Сүлейменов «Сот кабинеті» электронды әрекеттесумен сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған, сонымен қатар сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді деп атап өтті.

«Сот жүйесіне қазіргі заманғы электронды технологияларды енгізу азаматтардың сот төрелігінің қолжетімділік деңгейін арттыруға септігін тигізді. «Сот кабинеті» сервисі қолданушыларға сотқа электронды түрде талап-арыздарды, арыздар, шағымдар, өтініштер, пікір, қарсы талап-арыздар мен өтініштерді жолдауға мүмкінік береді» - деді сот төрағасы.

Сот қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне «Сот кабинеті» сервисін пайдаланудың тәртібін түсіндірді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі