Жақсы аудандық соты 6 жүргізушіні жол- көлiк оқиғасымен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Жақсы аудандық сотында жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге және көлiк құралдарының бүлінуіне әкеп соққан бұзушылықтарды жасағаны үшін 6 жүргiзушіге қатысты әкімшілік істер қаралды.

Жақсы аудандық сотының қаулыларымен 6 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабы бойынша («Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әр қайсысына айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі