Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, абайсызда төрт адамның өліміне әкеп соқтырған іс-әрекеті үшін айыпталушы Н.Мехтиевке қатысты қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бурабай аудандық сотында жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, абайсызда төрт  адамның  өліміне әкеп соқтырған іс-әрекеті үшін айыпталушы Низам Мехтиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

2016 жылдың 4 желтоқсанында Н.Мехтиев Астана–Петропавловск тас жолында автобусты  басқара отырып, авто көлікке соқтығысқан. Нәтижесінде  автокөліктегі  төрт жолаушы қайтыс болып,  бір жолаушының  денсаулығына  жеңіл зиян келтірілді, сонымен қатар көлік құралдары зақымдалған.  

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізуде қаралды. Кінәсін мойындау туралы процесстік келісімге сәйкес, сотталушы Н.Мехтиев өз кінәсін толық мойындап, прокурордың  ұсынған 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру, көлік құралдарын басқару құқығынан 5 жылға айыру жазасына келісті.

Жәбірленушілер процесстік келісімнің шарттарымен келісіп, қарсылық білдірген жоқ.

Сот, сотталушының оң мінездемесін, қылмыстың алғашқы рет жасалуын, іс бойынша зиянның болмауы, жәбірленушілердің пікірлері мен сотталушының өкінуін ескерді. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.

Сот үкімімен Мехтиев Низам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 345-бабының 4-бөлігімен (Жол жүрісі қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан және 5 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Н.Мехтиевке қатысты пробациялық бақылау орнатылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі